Bugin

Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып қалған (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтанда жол апаты салдарынан жеңіл көліктің 51 жастағы жүргізушісі көз жұмды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы қалалық полиция департаментіне сілтеп хабарлайды. 

Жол апаты дүйсенбі күні, шамамен, 18:40-та болды.Тергеу анықтағандай, Toyota Camry-дың 51 жастағы жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен 40-шы стансаға қарай келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан 32 жастағы ер адам жүргізген Shacman жүк көлігімен соқтығысты.

Camry жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.