Bugin event
Rotary Peace Fellowships - бұл ең ірі Rotary қайырымдылық қорының стипендиялық бағдарламасы, ол қақтығыстарды шешуге және алдын алуға байланысты магистрлік немесе біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқу шығындарының 100% - ын қамтиды.
Стипендиаттар Қордың мынадай елдердегі серіктес жоғары оқу орындарының бірінде оқуға мүмкіндік алады: АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Австралия, Швеция, Таиланд, Уганда.
Биылғы жылы бағдарлама әлемнің түкпір-түкпірінен көрнекті кандидаттарға толық қаржыландырылатын 130-дан астам стипендияны ұсынады: магистратура бағдарламалары бойынша 50 стипендия және кәсіби даму бағдарламалары бойынша 80 стипендия.
Магистратура бағдарламалары бойынша келесі серіктес жоғары оқу орындарының бірінде оқуға болады (ұзақтығы 15 айдан 24 айға дейін):
* Queensland университеті (Австралия);
* University of Bradford (Ұлыбритания);
* International Christian University (Жапония);
* Uppsala Университеті (Швеция)
* Duke University and the University of North Carolina (АҚШ).
Біліктілік бағдарламалары (ұзақтығы 1 жыл) мына базада өтеді:
* Chulalongkorn University (Тайланд)
* Makerere University (Уганда)
Стипендиялық бағдарламамен келесі шығындар өтеледі:
* Оқу шығындарын толық төлеу және зерттеу жұмыстарын жүргізу;
* Тұру, тамақтану шығындары;
* Көлік шығындары;
* Медициналық сақтандыру.
Талаптар
* Үміткерде орта баллмен бакалавр дәрежесі болуы керек;
* Ағылшын тілін жоғары деңгейде болуы керек;
* Үміткер көшбасшылық әлеуетке ие болуы керек;
* Үміткер өзінің кәсіби және академиялық жетістіктері арқылы мәдениетаралық түсіністік пен бейбітшілікке ұмтылысын көрсетуі тиіс;
* Үміткердің жанжалдарды шешу және бейбітшілік орнату саласында 3 жыл жұмыс немесе еріктілік тәжірибесі болуы міндетті.
Қажетті құжаттар:
* Толтырылған онлайн өтінім;
* Түйіндеме;
* Академиялық немесе кәсіби ұсыныс хаттар;
* Мотивациялық хат;
* Бакалавр дипломының көшірмесі және академиялық транскрипт;
* Ағылшын тілін білетіндігін растайтын Сертификат;
* Жұмыс/еріктілік тәжірибесін және басқа да жеке жетістіктерін растайтын құжаттар.
Дедлайн: 15.05.2021 ж
Толық ақпараттарды мына сілтеме арқылы алыңыз.