Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда 9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат берілді. Бұл туралы Білім және ғылым минстрі Асхат Аймағамбетов айтты.
"Соңғы қоңырау 25 мамырда оқу жылының үшінші тоқсанынан бері оффлайн режимде оқып жатқан 9 және 11 сынып оқушылары үшін өткізіледі. Сондай- ақ,санитария талаптарын қатаң сақтай отырып 25 мамырға арналған іс-шаралар, соңғы қоңырау және биыл маусымның ортасында өтетін аттестат тапсыру оффлайн режимде өтеді деп жоспарлап отырмыз," - деді министр аппарат жиналысында.
Ол мектеп директорлары, білім бөлімдері мен білім басқармаларына барлық санитарлық эпидимиологиялық талапты сақтай отырып, іс-шараны ұйымдастыруды тапсырды.
Айта кетейік, 2О2О жылы Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау рәсімі ата-ана қатысуынсыз ашық ауада өткізілген болатын.