Bugin

Тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесі ашықтықты арттырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев баспасөз брифингінде «Бір үй, бір бірлестік, бір есепшот» қағидаты бойынша тұрғын үйдің басқару жүйесін бір ізге келтіру жұмыстарынан хабардар етті.

Қалада көпқабатты тұрғын үйлерде кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа реформасы – Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе Жай серіктестіктер (ЖС) құрылуда. Жүйенің басты артықшылығы – кондоминиум нысандарын басқару органына меншік иелерінің тарапынан бақылауды қамтамасыз ету, басқару органдарының қызметінің ашықтығын арттыру, ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу.

– Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы реформаларды іске асыру бойынша қала әкімдігі тарапынан жобалық кеңсе іске қосылып, медиа жоспар және жол картасы бекітілген. Тұрғындарға тұрғын үйдің басқару жүйесін таңдауы, яғни мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе жәй серіктестіктің (ЖС) оң әсер беретіндігін түсіндіру бойынша аудан әкімдіктері тарапынан үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылдың 29 сәуірдегі жағдай бойынша қалада 43 мүлік иелерінің бірлестігі және 143 жәй серіктестік тіркелген, – деді Ғ. Өтенбаев.

Көпқабатты тұрғын үйлерге мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе жәй серіктестікті (ЖС) құруды жоспарлаған азаматтар тұрғылықты жері бойынша тиісті аудан әкімдіктеріне жүгіну керек.