Weekend
Үйлесімді киінуді қалайсыз ба?
Күз және көктем айларында әрдайым сәннен қалмайтын сырт киім – былғары күртеше. Әр адамның гардеробында болатын бұл күртеше ерекше үйлесімді әрі өте сәнді киім болып табылады. Ал сіз былғары күртешемен қандай киімдерді үйлестіріп киюге болатынын білесіз бе?
1) Кең, шолақ шалбарлар. Сізге ерекше өң береді.
2) Көйлектер. Әсіресе трендтері кең, эстетикалық көйлектер өте үйлесімді.
3) Классикалық шалбарлар. Базалық киімдер топтамасына жатады.
4) Миди белдемшелер. Түрлі принтті белдемшелер қазір трендте деп айта аламыз.
5) Джинсы шалбар. Джинсы шалбар ешқашан сәннен алыстамайды, себебі ол әрдайым сәнді!
Былғары күртешелер мен қысқа белдемшелер, әсіресе джинсы белдемшелер үйлеспейді. Бұл қателік барлық образды бұзуы мүмкін.
Баршаңызға сәнді образ тілеймін!