Bugin event

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге 410,8 миллиард теңгеден аса, ортақ зейнетақы төлемдерін төлеуге 928,9 миллиард теңге жұмсалды.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2,239 миллионнан асады.

"2021 жылдың маусымында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне шамамен 222,3 миллиард теңге бағытталды, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68,2 миллиард теңге, ортақ зейнетақыны төлеуге – 154,1 миллиард теңге. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 99 898 теңге болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Өз кезегінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде 6 ай талап етіледі) және зейнетақы алдындағы кезеңде алынған орташа айлық кіріске байланысты болады.

Бұған дейін 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 100 019 теңге болғаны хабарланған еді.