Білім және ғылым

English for jastar жобасы басталды

Қарағанды облысында Jas Otan жастар қанатының English for jastar жобасы басталды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қарағанды облысында Jas Otan жастар қанатының English for jastar жобасы басталды. Еріктілер ауыл оқушыларына ағылшын тілінен сабақ береді. Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы, Абай және Шет аудандарында мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйретіп бастады.

Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі Ержан Хамитов: «Біздің елімізде ағылшын тілін оқытатын жүздеген орталықтар бар. Оларда оқу құны көбінесе көптеген ата-аналар үшін қол жетімсіз. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың 80%-дан астамы балаларының ағылшын тілін үйренгенін қалайды. Ал олардың оқу ақысын төлеу мүмкіндігі тек 34% ғана. Сондықтан біз English for jastar жобасын іске қосып, оған «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын тартуды да шештік», – деді.

Оқыту ойын және тренинг түрінде өткізіледі. English for jastar жобасының мақсаты – ауыл жастарына ағылшын тілін оқытып, олқылықтардың орнын толтыру, тіл үйренудегі кедергіні жеңіге көмектесу әрі ынталандыру.