Bugin

Мұхтар Тайжан: «Мен сіздерге сәтсіздіктің себебін айтайын»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық Олимпиада комитеті Токио олимпиадасындағы сәтсіздіктің себебі пандемия деген болатын. Қазақстандық спортшылар коронавирустық жағдайдың салдарынан 6-8 ай жаттыға алмағанын жеткізген еді. Ал, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан бұл пікірмен келіспейтіндігін айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

- Олимпиададағы сәтсіздіктің себебі - коронавирус? Басқа елдер пандемияны бастан өткерген жоқ па? Көрші Өзбекстан, Қырғызстан. Пандемия жағдайында біздің ел ғана дайындалды ма? Барлығы тең дәрежеде болды!  Ал Ұлттық Олимпиада Комитеті Олимпиадаға дайындалуға 250 миллион доллар бөлді. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ. Ал, көршілерде қанша болды? Оларда да өз-өзіне қол жұмсайтын спортшылар бар ма? Мен сіздерге сәтсіздіктің себебін айтайын. Ұрлық пен сыбайлас жемқорлық бар жерде ешқашан жұмыстың нәтижесі болмайды. Жақында Олимпиадалық комитетте қамауға алу басталса таң қалмас едім - деп жазды ол.