Bugin
Қазақстаннан Қытайға тауар импорттау қиынға соғуда. Бүгінде 4 мың контейнер шекарада тұрып қалды. Ал Қытай елі Қазақстаннан жүк жібермейді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге назар аударды. Ал депутаттар Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады.
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазіргі жағдайдың бірнеше себебін атады. Олардың негізгісі Қытай үшін Орталық Азия мен Кавказ аймақтарына, сондай-ақ Ресейге тауар жеткізудің еуропалық бағытының маңызы артуда. Қиын эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып, Қытай жағы Қорғас-Алтынкөл және Алашанькоу-Достық өткелдері арқылы Қазақстанға келетін теміржол рейстерін тоқтатты. Бұған қоса, ірі тонналық контейнерлерді тасымалдау үшін отандық компанияларға арналған фитингтік платформалар жеткіліксіз. Нәтижесінде қазақстандық жүк иелері миллиардтаған шығынға ұшырауы мүмкін.
Әрине, шаралар қабылданып жатыр. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қытайлық тараппен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Бақты-Покиту мен Майқапшағай-Зимунай қазақ-қытай автокөлік өткізу пунктінің жұмысы қайта жанданды. Бірақ Нұр жолы-Қорғас, Бақты-Покиту, Алакөл-Алашанькоу өткелдері маңызды шектеулермен жұмыс істейді.
Сондықтан жағдайдың қашан шешімін табары белгісіз.