Bugin

Вакцинацияланғандар арасында ойнатылған екі бөлмелі пәтердің иесі анықталды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Вакцина қабылдаушылар арасында Нұр-Сұлтандағы екі бөлмелі пәтер үшін ойнатылған ұтыс ойынының жеңімпазы анықталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
«Хабар» телеарнасы тікелей эфирде  егу орталықтарынан вакцинацияланған азаматтар арасында екі бөлмелі пәтер ұтыс ойынын өткізді.

Екі бөлмелі пәтер ойынына астананың кез келген вакцинациялау орталығында ағымдағы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған ересек азаматтар қатысты.

Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Бірге платформасында арнайы рандомизатор қызметі орнатылды. Ол вакцинацияланған және жеке куәліктері бар азаматтар арасында сыйлықтардың жеңімпаздарын анықтады.

Әсемгүл Ысқақова G-park құрылыс компаниясынан Сарыарқа ауданындағы Есіл өзенінің жағалауына жақын орналасқан «Рио-де-Жанейро» ТК-дегі жаңа пәтерді ұтып алды.

Сонымен қатар, вакцинацияланғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды: үш iPhone12, тоңазытқыш, теледидар, микротолқынды пеш, шаңсорғыш, үтік, шаш кептіргіш және т.б.