Bugin
Дүниежүзіндегі Telegram қосымшасының қолданушылары 13 қазанға қараған түні мессенджерде ақау пайда болғанын хабарлады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Шағымдар Ресейден, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Германиядан және басқа елдерден келіп түскен. Telegram қолданушылары сервермен байланыс үзілгенін және сайт дұрыс жұмыс істемейтінін айтты.
Бұған дейін Facebook, Instagram және WhatsApp-тың істен шығуына орай бірнеше сағат ішінде Telegram-ға 50 миллионнан астам қолданушы тіркелген.
Instagram, WhatsApp және Facebook Messenger сияқты Facebook қызметтерін 4 қазанда кешке істен шықты. Facebook үшін бұл 2008 жылдан бергі ең ұзақ жұмыс істемеу мерзімі болды. Кейін TikTok пен VKontakte-де де осындай ақаулар байқалды. Содан кейін Gmail (Google пошта қызметі), Netflix және Zoom істен шықты.
Кейінірек мамандар әлеуметтік желілерде не болғанын түсіндірді. Олардың пікірінше, желі қызметкерлерінің бірі Facebook желісінің конфигурациясына өзгерістер енгізген, сондықтан істен шыққан.