Bugin

Мұхтар Тайжан: «105 миллиард теңгені дәрігерлер мен мұғалімдерге төлеген дұрыс»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ футболына үш жылда 105 миллиард теңге бөлінгені рас па? Бұл сұрақты қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Қазақстан Республикасы Футбол Федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбековке қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- Әрбір сәтсіздіктің тегі, аты және әкесінің аты болады. Сонда, Жақсыбеков мырза, соңғы 3 жылда футболға 105 миллиард теңге бөлінгені рас па? Ал 20 жылдан кейін қанша? Егер бұл рас болса, онда мұндай футболдың бізге қажеті қанша? Бюджет қаражатын жууға арналған кір жуғыш машинаға ұқсайды! Әрине, бұл сіздің банкротқа ұшыраған Цеснабанкіңізге мемлекет лақтырған 450 миллиард теңге емес, 105 миллиард та үлкен сома! Мұндай ақшаны дәрігерлерге, мұғалімдерге, қарапайым мемлекеттік қызметкерлерге төлеген дұрыс! Осындай қымбат әрі кәсіби емес футбол бізге не берді? Әділбек Рыскелдіұлы, сіздің осы мемлекеттік қызметтен өз еркіңізбен кететін уақыт жетті деп ойлаймын! Антикорр осы спорттық ақшаны жылыстатудың бәрін тексерсе жақсы болар еді - деп жазды Мұхтар Тайжан.