OrdaGen

Ақтөбеде «Orda ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «OrdaGen» әлеуметтік-танымдық жобасының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған «Orda  ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облысының мәдениет және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Балмағамбетова Мәншүк Сәлімқызы, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бертлеуова Нұргүл Лескенқызы, ардагер журналист Аймағанбетов Арыстан, Ғылыми кеңестің бас ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе қалалық маслихат депутаты Балтымова Мира Рашидқызы, ақын, депутат Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызы, «OrdaGen» жобасының директоры Парасат Танен, жобаның Ақтөбе қаласы бойынша филиал директоры Гүлназ Берікова қатысты. 

OrdaGen жобасының мақсаты – ұлттық және адамзатқа ортақ биік құндылықтарды жаңа технологиялар форматына икемдеп, аңыздар мен ертегілер арқылы болашақ ұрпақтың санасына сіңіру.

Бүгінге дейін аталмыш жоба аясында 1000-ға жуық заманауи ертегілер жазылып, әр ертегінің аудионұсқасы дайындалды. Үш түрлі тақырыпта қысқаметрлі мультфильм түсіріліп, «OrdaGen» мобильді қосымшасы бүлдіршіндерге тегін пайдалануға берген

​- Біз мұнымен тоқтамаймыз. Алдағы уақытта бүлдіршіндерімізге OrdaGen-нің танымды дүниелерін ұсынып, ұлт үшін қызмет ете береміз. OrdaGen – 30-ға аяқ басқан азаматтардың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған сыйлығы, - дейді OrdaGen жобасының директоры Парасат Танен өз сөзінде.