Спорт

Месси каталондық «Барселонаға» оралғысы келетінін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Француздық «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси каталондық «Барселонаға» оралғысы келетіні туралы айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Marca басылымының жазуынша, Мессидің «Барселонаға» оралғысы келеді.

«Мен әрқашан Барселонаға қайтып ораламын деп айтатынмын. Өйткені, «Барселона» - менің үйім. Егер мен клубқа өз үлесімді қосып, көмектесе алсам, онда қайтып ораламын», - дейді Месси

Еске салайық, 2021 жылдың тамызында Месси ПСЖ-ға ауысты. Осы маусымда 34 жастағы аргентиналық шабуылшы Франция 1-лигасында 6 матчқа қатысып, бір гол соқты.