Қоғам
2021 жылы 25 мыңнан астам адам Қазақстаннан көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы ресми сайтында жариялады.
«Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 7246 адамды, елімізден кеткендердің саны 25322 адамды, көші-қонның айырымы -18076 адамды құрады» - делінген хабарламада.