Bugin

Дулат Исабеков: «Сорлы қазақ тілі өлетін болды ғой» (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жазушы Дулат Исабеков қазақ тілінің болашақтағы жағдайына алаңдаушылығын білдірді. Бұл туралы драматург Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- Қазақ тілі өркен жайып келе жатыр деп неге айтасыңдар, ондай жоқ қой қазір. Алматы, Астанаға барғанда кез келген мекемеге кіріп баршы қай тілде сөйлеп жатыр. Бәрі орысша. Ал енді көптеген мемлекеттің қызметкерлері, министрліктер, ведомстволар, комитеттердің бастықтарының көбісі басқа ұлттардың өкілдері. Солардың аппаратындағылар қазақша сөйлейді деп ойлайсыңдар ма? Іс-қағазды қазақша толтырады деп ойлайсыңдар ма? Сөйтіп отырып қазақ тілі қалай өркен жаяды. Сорлы қазақ тілі өлетін болды ғой. Біздің билік басындағы көп жігіттердің өзі қазақша білмейді - деді Дулат Исабеков.