Спорт
Қазақстандық спортшылар 2022 жылы Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына 60 жолдама жеңіп алды. Жалпы 90 жолдама болады деп күтілуде. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде айтып өткендей, атлеттер жеті спорт түрі бойынша жолдама алды. Олар: шаңғы спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл (могул, акробатика), тау шаңғы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты.
- "Соңғы іріктеу жарыстары 2022 жылы қаңтарда өтеді. Ал квота мен жолдама бөлу 16 қаңтарда аяқталады. Осылан кейін Олимпиада ойындарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының делегациясы жасақталады", – деп қосты ведомстводағылар.
Қысқы Олимпиада ойындары Пекинде 4-20 ақпан аралығында өтеді.