Bugin
Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақта WBO International титулынан айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxRec мәліметінше, қазір бұл белбеу бос қалды. 2019 жылы намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңіп, осы титулды иеленгеннен кейін Қанат қорғаған емес. Оны титулдан айыру шешімі осыған байланысты болса керек. Содан бері қазақ боксшы биыл ақпанда ғана эквадорлық Джейсона Миндамен (14-5-1, 8 КО) жұдырықтасты.
Дереккөз: BAQ.kz