Қоғам

Қазақ-қытай шекарасында тексеру жүргізіліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан-Қытай шекарасындағы тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті.

ҚазҚапарат мәліметінше, қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы министрлігі өкілдерінен арнайы құрылған жұмыс тобы қазақ-қытай шекарасында тексеру жүргізіп жатыр.

Тексеру тек қана уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар импорттаушыларға қатысты.

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шаралар қабылданады.

Бұл тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді және адал бизнес сыртқы экономикалық қызметті шектеусіз жүзеге асырады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша нарықта ҚХР-мен импорттық операцияларды жүзеге асыратын 7241 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы бар.

Оның ішінде 17 субъекті - УЭО, оларға импорттың барлық көлемінің 18% тиесілі.

Бұл ретте 5 УЭО – өз мұқтаждығы үшін өнімдерді импорттайтын өндірістік сектор және 2 УЭО квазимемлекеттік сектор («Қазпочта» АҚ және «ҚТЖ» АҚ еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ).

Сондай-ақ «KTZ Express» АҚ - кедендік өкіл және халықаралық экспедитор. Қазақстан-қытай шекарасында өзіндік инфрақұрылымы бар.

Орталық Азиядағы ең ірі «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ портымен жұмыс істейді, сондай-ақ KIF Warehouses А класты қоймалары бар.

Оператордың басты артықшылығы – тапсырыс берушілер үшін де, фискалдық органдар үшін де ашық қызметі.

Жалпы қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері мен тауарларды кедендік тазартудың өзге де орындары белгіленген жұмыс режиміне сәйкес қызметін жалғастырып жатыр.