Bugin

Әлемде ең алғашқы ұшатын көлік шығарылды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Словакияның көлік басқармасы әлемдегі алғашқы AirCar ұшатын көлігін таныстырды. Ғажайып машина қауіпсіздік сынақтарынан өтіп, 200 ұшу мен қонуды сәтті орындады. Бұл туралы Bugin.kz порталы ztb_video Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

AirCar үш минуттан аз уақыт ішінде шағын ұшаққа айнала алады. Көліктің салмағы бір тонна. Әзірге көлік екі адамды ғана 2,5 шақырым биіктікке көтере алады. Максималды жылдамдық - 190 км / сағ дейін.

Ұшатын көлікте апат болған жағдайда баллистикалық парашют те бар.

Негізгі кемшілігі - аэродромдарға бекіту, яғни автомобильде тік ұшып көтерілу функциясы жоқ, яғни оған ұшу-қону жолағы қажет.

Ұшатын аппарат жақын арада сатылымға шығады деп күтілуде.