Қоғам

Тоқаев: «Біз Қытайды танып, қытай тілін үйренуіміз керек»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін қазақстандық БАҚ өкілдеріне алғаш рет сұхбат берді. Журналист Вера Захарчуктың Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы туралы сұрағаны былай деп жауап берді:

«Қытайға келетін болсақ, біздің ең жақын көршіміз екенін түсіну керек. Біз көршілерді ауыстыра алмаймыз. Қытай даму жолында үлкен жетістіктерге жетті. Біз Қытаймен ынтымақтасуымыз керек, Қытай нарығына тәуелдіміз, біздің барлық фермерлер Қытай нарығына қатты сенеді. Осы уақытқа дейін Қытай бізге еш жамандық жасаған жоқ. Қытаймен сауда көлемі 17 миллиард долларға жетті. Біз Қытайды танып, қытай тілін үйренуіміз керек. Бұл қолымызды жоғары көтеріп, беріле салу дегенді білдірмейді», – деді мемлекет басшысы.

Дереккөз: ORDA.kz