Bugin
Олимпиада өткізуді мойнына алған мемлекет технология саласында жеткен жетістіктерін көрсетуге асығады. Бұдан Қытай әкімшілігі де құр емес.
Бейжің Олимпиадасында көрсетілген үздік инновациялық технологиялардың бірі – роботтар болды. Бүкіл Олимпиада ауылында қызмет көрсетіп жүргендер – дәл осы роботтар. Олар тамақ тасу, қалдық шығару, медициналық көмек көрсету, ауадағы вирусты сканарлеу сынды жұмыстарды істейді.
Мәселен, кафетерийда тағамға тапсырыс берсеңіз, үстел мен төбенің үстіндегі тағамның өзін алып береді. Бір қызығы сол – роботтар ас-ауқат дайындай алады екен: күріш қайнатады, лапша пісіреді, бургер орайды, кофе қайнатып, коктейль дайындап береді. Тамаққа тапсырыс бергің келсе, QR-код сканерлесеңіз жетіп жатыр.
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/w-gl_0_RHpc" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
Роботтардың ішінде медициналық көмек көрсететіндерінің қызметі қызық. Кірген-шыққан адамға антисептик сеуіп, бетпердесі жоқ адамды алыстан танып, маскі береді не маскі тағуды талап етеді. Бөлмеге дезинфекция жасайды.
Олимпиада ашылар күні жұртты таңқалдырған тағы бір робот бар. Бұл Шанхай университеті құрастырып шыққан шаңғышы робот. Алты аяқты темір адам кәдімгідей спортшылар сияқты шаңғы теуіп, қиын тректерді жасай алады. Инженерлердің айтуынша, роботтың инттелектуалды қабылдауы жақсы, тез шешіп қабылдып, жылдам жоспар құрады.