Bugin

«Ер қадірін білмейміз»: Бақтияр Артаев «Дикий Арманды» босатуды сұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал спортшы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қамауда жатқан «Дикий Арман» (Арман Жұмагелдиев) туралы ойын айтып, оны қамаудан босатуды сұрады. Бұл туралы спортшы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Арман Жұмагелдиев бауырым үшін жүрегім ауырады. Оның құқық қорғау органдарының қолына түсіп, қонақ үй қабырғасына сүйене кеп отырған суреті тордағы қайрансыз қалған көкжалдың сұсты бейнесі көзіме елестейді.

Иә, оны жұрт қылмыскер, банды санайды. Арман - қасқыр жігіт. Жемін түзден тауып жейтін. Шамасы келсе түзден тапқанын жұртымен қақ бөлісіп жейтін. Оны білеміз. Алғаш пандемияның кесірінен жұрт бір жұтым ауаға қинала жатып, қынадай қырылған кезде егілген жұрттың қыстыққан дауысын алғаш естіген бөрінің бірі сол еді.

Біз ер қадірін білмейтін қыңыр жұртпыз ғой. Бірақ тірісі білмесе де кешегі пандемияда сол Арман арттырған ИВЛ аппаратарының көмегімен жәрім минут болса да бір жұтым ауаның қадірін біліп, сезіп көздері жәудірей жатып Құдай тағаласынан жан тапсырған талай қазақ баласы Арманға алғысын айтып кеткен де шығар.

Иә, жұрт Арманның небір жақсылығын біледі. Көбі айта алмайды. Ал Арман бауырыма сөйлеуге оның намазы, мұсылмандығы жібермейді. Солай! Ел күшеніп кейде жұрт ішінен кешегі Бақыткелдіні, Атабаны, Сары Алмасты іздегісі келеді. Оның хайыры не? Олар тірісіне соқыр болса? Біз СубханАллаһ сондай жұртпыз ғой. Кешегі Шығыс Түркістан үшін жанын қиған Оспан батыр Исламұлын да өзі жұрты, өзі руласы өзгелермен қосылып алып оны «банды» қылған.

Айтпағым, тағы Армандай дала бөрілері өз басым үшін бостандықта емін-еркін жорық салуы сондай қажетті. Олардың әлі «қазақ баласына» еліне, жұртына жасар жақсылығы шаш етектен екені шын дүние.

Шіркін, Абай атам: «Қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай». Айтпағым Арман бауырыма бостандық сұраймын. Елінің бөрісі аман бол», - деп жазды Артаев.