Bugin
Жемқорлық фактісі
Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті пара берді деген күдікпен бес балалар спорт мектебінің директорларын ұстады. Бұл жайлы Экспресс К жазды.
Ұсталғандардың арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Илья Ильиннің ағасы да бар.
Былтыр облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 6 миллион теңге пара алу кезінде Қызылорда қалалық прокуратурасына қарасты қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Алихан Базарбаев ұсталған болатын. Тергеу 6 миллион теңгені өңірдегі бес балалар спорт мектебінің директорлары жинап бергенін анықтады. Олар ақшаны прокуратурадан мектептің жұмысы бойынша оң қорытынды алу үшін берген. Сот пара алған прокурор сотталып, пара берген бес директорды да қылмыстық жауапкершілікке тартуға үкім шығарды.
"Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин велосипед спорты бойынша олимпиадалық резервтің облыстық балаларға арналған мамандандырылған №3 мектептің директоры болып жұмыс істейді. 16 ақпанда барлық бес күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ертең сот оларға қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау туралы шешім шығарады", — деп жазды өзінің өзінің Telegram-каналына журналист Михаил Козачков.
Айта кету керек, Илья Ильин 2005, 2006, 2011 және 2014 жылдары ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол спорттық мансабын аяқтады.