Bugin

Қазақстанда төңкеріс жасауға қарсымыз – Қытай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай сыртқы шетелдік күштердің Қазақстанда тәртіпсіздік тудырып, «түрлі-түсті төңкеріс» ұйымдастыру әрекеттеріне қарсы екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қытайдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Адырна» сайтына сілтеме жасап.

Қытай Қазақстандағы тұрақтылықты қалпына келтіруге ықпал ететін барлық шараларды қолдайды.

«Қазақстанда тұтанған үкіметке қарсы ауқымды зорлық-зомбылық үлкен шығынға, адами шығын мен мүліктің зақымдануына әкелді, бұл Қытайды алаңдатып отыр», - деп келтіреді Синьхуа елшінің сөзін.

Қытай өкілі де ҰҚШҰ әскерлерінің Қазақстанға кіруін мақұлдап, ұйымның Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыруда оң рөл атқарғанын айтты.

«Қытай Қазақстанның тату көршісі және тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктесі ретінде Қазақстанның  бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізуіне үміт артады және елді тұрақтылықты қалпына келтіруде, экономикасын дамытуда және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуда қолдайды», - деді Чжан.

Ол Қытай халықаралық қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін толықтай құрметтейтініне және елдің аймақтағы тұрақтылығы мен дамуын сақтауда сындарлы рөл атқара алатынын айтты.