Bugin
Арал маңында Ан-2 ұшағы өртенді. Ұшақ бортында екі экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бүгін сағат 12:30-да Арал қаласынан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерге қону кезінде «Тараз Жаңа әлем» жеке әуе компаниясының Ан-2 ұшағы өртенді. Ұшақ Қызылорда – Арал бағыты бойынша жедел жәрдем TJA5217 рейсін орындаған, – деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, бортта екі экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуе оқиғалары мен оқыс оқиғаларын тергеу департаменті тексеру жүргізеді.