Bugin
Украина президентінің кеңсесі Ресей билігімен бейтарап келісім жасауға дайын екенін, бірақ Кремль қауіпсіздікті қамтамасыз ету керегін мәлімдеді.
Бұл жайлы Украина президент кеңсесінің өкілі Михаил Подоляк мәлім етті, деп хабарлайды РБК.
"Украина келісім жүргізуге қашанда дайын. Оны жасырған емеспіз. Тіпті қазір де: Ресей ірі басқыншылыққа барып отырса да, кешіріммен қарауға бармыз. Мына соғысты тоқтату қажет. Әскери қимылға тоқтау қою керек", - деді Подоляк.
Шенеуніктің айтуынша, Мәскеудегі инсайдерлік дереккөздер "Кремльдің келіссөз жүргізгісі келетінін" айтқан.
"Егер бейтарап келісім болса біз әзірміз. Бірақ қарсы тарап қауіпсіздікті толық қамтамасыз ету керек, оған кепілдік бергені қажет", - деді ол.
Айта кетейік, украиналық телеграм-арналардың бірі инсайдерлік ақпаратқа сілтеме жасап, президент В.Зеленскийдің Мәскеуге келіссөзге шығуға дайындалып жатқанын жазды. Бірақ бұл ақпаратты ресми БАҚ әлі растамады.
Толықтыру...
Кейінірек РФ Сыртқы істер министрі С.Лавров "Украина Қарулы күштері толық берілгенде ғана, келісім үстеліне жайғасамыз" деп мәлімдеді.