Bugin

Украинада 3,5 мың ресейлік әскери қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Украинада 3,5 мың ресейлік сарбаздың қаза тауып, 200-ге жуық жауынгердің тұтқынға алынғаны туралы айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы УНИАН сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

- «Бүгін таңғы жағдай бойынша 3500-ден астам ресейлік сарбаз қаза тауып, 200-ге жуық жауынгер тұтқынға алынды», - деді Подоляк Рада телеарнасына.

Подоляк украиналық шығын туралы хабарлаған жоқ.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 26 ақпан күні таңертең Украинаның әскери инфрақұрылымының 821 нысанының жойылғаны туралы хабарлады.

- «Олардың ішінде 14 әскери аэродром, 19 командалық пункт пен байланыс орталығы, 24 S-300 және Osa зениттік-зымырандық кешендері, 48 радиолокациялық станция бар. Жеті жауынгерлік ұшақ, жеті тікұшақ, тоғыз ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілді», - деп хабарлады ведомство.

Украина Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ресейдің 14 ұшағы, сегіз тікұшағы, 102 танкі, 536 броньды жауынгерлік техникасы жойылған.