Bugin
Қазақстан Украина мен Ресейдің арасында келіссөз алаңын ұйымдастырып беруге ниетті. Бұл жайлы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Новости РАА.
Басылымның жазуынша, бұл мәлімдеді қазақстанды министр Женевада өткен БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңес сессиясының отырысында айтқан.
"Орыс пен украин – бізге бауырлас халық. Тағдырына алаңдаулымыз. Өз тарапымыздан арағайындық жасауға әзірміз. Екі тарап келіссөз өткіземіз деп шешсе, Қазақстан келіссөз алаңын ұйымдастырып беруге дайын", - деген Мұхтар Тілеуберді.
Оның айтуынша, әзірше ешкімнен ешқандай ұсыныс түскен жоқ, алайда бола қалса, іске кірісуге әзір.
Айта кетейік, бүгін 28 ақпан күні Ресей мен Украина тарапы келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеп, Белоруссияны келіссөз алаңы ретінде таңдаған.