Bugin

Егер бізге рұқсат берсе, Ресейге қарсы соғысқа мен барар едім - Нұрлан Албан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина мен Ресей арасындағы дау көп елді елеңдетіп отыр. Қоғам белсенділері мен саясаткерлері, қарапайым халық бейбітшілік орнатуды қалады. Өнер өкілдері де бұған қатысты өз пікірін айтып, ойын ортаға салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Егер бізге рұқсат берсе, Ресейге қарсы соғысқа мен барар едім», – деп жазды Нұрлан Албан.

Бұған желідегі оқырман түрлі пікір айтты.

«Мен қазір әлемде болып жатқан жағдайдан басқа ештеңе ойлай алмаймын. Мен жаңалықтарды үнемі оқып отырамын. Өшіре алмаймын, ештеңеге алаңдамай отыра алмаймын. Бірнәрсе жасауға деген құлшынысым да жоқ», - деп мойындады Исабекова.

«Жүктілік онсыз да тым уайымшыл жанның сезімін күшейтеді. Мен барлығының тезірек жақсарғанын және барлығының үйге аман-есен оралғанын қалаймын. Менің қолымнан келетіні тек дұға етіп, махаббат пен жақсылық орнаса деген тілек қана», – деп жазды Мақпал Исабекова.

Айта кетейік, 28 ақпанда Беларусьтегі Гомельде Украина мен Ресей арасында алғашқы келіссөз өткен еді. Келіссөз бас-аяғы 5 сағатқа жалғасқан. Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық ірі қалалары жабылды деп мәлімдеді.