Bugin
Алматыдағы президенттің қызмет резиденциясы құлатылады. Бұл жайлы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады", - деп қысқа қайырды Берік Уәли.
Айта кетейік, 5-6 қаңтар күндері бұл ғимаратты мародерлер қиратып, ішін тонап кеткен еді.