Bugin
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Украина әскер мен техника жіберілмейтінін ресми мәлімдеді.
"ҚР Қарулы күштерінің әскери контингентін бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық міндеттерін орындатуға жіберу үшін ең алдымен Парламент шешім қабылдауы керек. Парламент қаулы қабылдамайынша Қорғаныс министрлігінің өзге елге әскер жіберуіне құқығы жоқ. Бұл мәселе бойынша Қазақстанда талқылау да болып жатқан жоқ", - деп түсіндіреді министрлік таратқан ақпаратында.
Министрліктің хабарлауынша, қазір елде әскери дайындық пен әскери жаттығуды күшейту үшін жеке құрамды жасақтау шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар жоспарлы тәртіппен жүргізілуде.
"25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қарағандыдағы әскери техникалар Гвардиялық горнизонға, Алматыдағы әскери техникалар Ақтау горнизонына жеткізілді. Ал 1-4 наурыз күндері Шымкенттен Тараз бен Түркістанға "Айша-Бибі" полигонына әскери техникалар жеткізілмек. Кейін қайта қайтады", - деп жазады Қарулы күштер.