Bugin

Байден Конгрестен Украинаға көмектесуге 10 млрд доллар сұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Байдан әкімшілігі Конгрестен 10 млрд доллар қаржы сұрады. Бұл қаржыны Байден Украинаға көмектесу мен басқа еуропалық елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсау мақсатында сұраған.

Мұны The Washington Post жазды.

"Бөлінген қаржы Украинаның қорғаныс пен киберқауіпсіздігін жақсартуға, энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен Ресейдің агрессиясынан талқандалған қалаларға көмек қолы ретінде берілмек", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, АҚШ Украинаға 1 млрд доллар көлемінде қайтарымсыз несие беретінін де мәлімдеген. Ал Конгрестен сұрап отырған қаржы бұдан бөлек.

Сондай-ақ Еуропалық одақ та Украинаға 1,2 млрд еуро көлемінде шағын қаржылық көмек көрсететінін айтқан. Оған бүгін, 3 наурыз күні қол қойды.