Bugin

Грузия ЕуроОдаққа қосылуға өтініш берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Еуропалық одаққа қосылғысы келетіні жөніндегі өтінішке қол қойды.

Бұл жайлы Грузия үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін Грузия үшін тарихи күн. Мен бүгін ЕуроОдаққа мүше болуға өтініш жазып, қол қойдым", - деді премьер халыққа үндеуінде.

Грузия ЕуроОдаққа қосылғысы келетінін бұрын да айтқан. Ал Украина дағдарысы ЕО-ға қабылдауды жеңілдетеді әрі тездетеді деген ойда.

Ал 28 ақпан күні Украина президенті В.Зеленский Еуропалық Одаққа мүшелікке ену жөнінде өтінішке қол қойып, Брюссельге жіберді. Қазір ЕО Украинаның өтініш шұғыл қараудың жолдарын іздеп жатыр.