Bugin

Ресей Атом станциясын атқылауға қатысты түсініктеме берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін түнде Ресей әскері Украинаның Запарожье Атом электр станциясын атқылады деген хабар тараған еді. Бұл АЭС – Еуропадағы ең ірі атом станциясы еді.

Соған байланысты Ресей Қорғаныс министрлігі Украинадағы атом станциясын оқ жаудыруға қатысты былай деп түсініктеме берді. Бұл жайлы РИА Новости жазды. 

"Запарожье атом электр станциясына алдымен оқ атқан – ресей әскерлері емес. Мұны істеген – украинның диверсант топтары. Олар атом электр станциясының түбіне келіп орналасып алып, Росгвардияның мобильді патруль жауынгерлеріне қарсы оқ атқан. Бұл – 4 наурыз күні түнгі сағат 2-лер шамасында болған оқиға. Қарсыластың оқ жаудырған тұсы біздің сарбаздар да оқ атты. Қашып бара жатып украин диверсанттары ғимаратты өртеп кетті. Бұл дегеніміз нағыз провокация", - деп түсініктеме берді РФ Қорғаныс министрінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашенков.

Оның айтуынша, Ресей әскері 28 ақпан күні Энергодар қаласы мен онда тұрған Атом электр станциясын толық бақылауға алған. Ал нысанды күзететін Украинаның Ұлттық гвардиясы сол күні кері шегініп, ғимаратты тастап кеткен.

Запарожье АЭС-і. Бейбіт заман

Айта кеткен жөн, Чернобыль Атом станциясы да қазір Ресей қарулы күштерінің қолында.