Woman
Ал сіз бет терісіне дұрыс күтім жасап жүрсіз бе?
Төмен температура мен суық желдің әсерінен бездер тері асты майларын аз мөлшерде бөледі. Үй-жайдағы құрғақ ауа салдарынан терінің гидролипидтік балансы бұзылады және қорғанысы әлсірейді. Бұл тері қызаруы секілді жағымсыз жағдайларға әкеліп соғады. Жазға дейін сұйық косметикаларды қоя тұрған жөн. Керісінше неғұрлым тығыз әрі майлы кремдерді пайдалану керек. Бетті жуған соң бірден крем жағыңыз. Ең бастысы сыртқа шығар алдында 40-50 минут бұрын жағу керек. Өйткені крем теріге сіңіп, қорғаныс пленкасын жасап үлгеруі тиіс.
Суық күндері тері xимиялық әрекеттерге сезімтал болып келеді. Сол себептен скраб және абразивті пилингтерді тоқтату керек. Оның орнына ылғалдандыру және қоректік маскаларды пайдаланамыз.
Бетіңіздің табиғи ылғалдық деңгейін сақтау үшін жылы сумен жуыңыз.
Қыста тері құрғауын болдырмау үшін душқа бар болғаны 5-7 минут түсу жеткілікті. Душтан кейін су балансын қалпына келтіру үшін міндетті түрде ылғалдандыру кремін жағыңыз.