Bugin

Бас прокуратура «Дикий Арманды» қамауға алу мерзімін ұзартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Жұмагелдиев Алматыдағы ҰҚК-нің тергеу изоляторында қамауда отыр. Оны қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды», - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Бас прокуратура.

Айта кетейік, Жұмагелдиевтің ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық тобымен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұсталды. Тұтқындау барысында күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат, оқ-дәрі, суық қару және брондалған көлік тәркіленді.