Қоғам

Рудныйда денесін күйік шалған баланың хал-жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанай облыстық ауруханасының дәрігерлері рудныйлық үш жарым жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Денесін күйік шалған сәби Рудный қаласынан Қостанайға жеткізілген. Қазір ол жансақтау бөлімінде.

Телеарна тілшісінің сөзінше, жағдайы өте ауыр. Мамандар қандай да бір болжам жасай алмай отыр.

Айта кетейік, кеншілер қаласында 44 жастағы ер адам қолында баласы бар көрші әйелге керосин шашып, өртеп жіберген. Қос білегін күйік шалған келіншек алғашқы медициналық көмектен соң үйіне жіберілді. Ал бүлдіршін ауруханаға жатқызылды.