Bugin

Қайрат Сатыбалдыұлының әйелінің ісіне қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының 2 айға қамауға алынғаны анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қосымша деректер ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

«2022 жылғы 18 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г.К. Сатыбалдыға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген хабарламада.