Әлем
24 наурыз күні сағат 16:00-де Әзербайжан қарулы күштері Аскеран ауданының Парух ауылы бағытында ұрыс сызығын бұзғанын хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Таулы Қарабақтың ақпараттық орталығы хабарлады.
Қарабақта орналасқан ресейлік бітімгершілік күштерінің өкілдері келіссөздер арқылы одан әрі ілгерілеуді тоқтатуға және Әзірбайжан әскерилерін бастапқы орындарына қайтаруға тырысып жатқаны атап өтілді.
Қауіпсіздік мақсатында Аскеран ауданындағы Храморт қоғамдастығының әйелдері мен балалары эвакуацияланғаны хабарланды.
Ақпараттық орталық Қарабақ тұрғындарын сабырға шақырады. Сонымен қатар қазіргі уақытта байланыс желісінің қалған барлық бөліктерінде жағдай тұрақты екенін атап өтті.
Бұған дейін РУСАРМИНФО Таулы Қарабақтың ақпараттық штабы ресейлік бітімгершілік контингентінің қолдауымен газ беруді қалпына келтіру бойынша Әзірбайжан тарапымен келіссөздер жалғасып жатқанын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, 2020 жылы даулы аумақтарға кірген ресейлік бітімгерлердің Украинадағы соғысқа жіберілгендіктен, Әзірбайжан мұндай қадамға баруға бел буған.
Әзірбайжан әскерлерінің Фарух (Парух) ауылын басып алғаны, көршілес Пирляр (Храморт) ауылында Армения әскері қорғанысқа жиналып жатқаны хабарланды.