Bugin

Қазақстан Донбасс пен Луганскі республикаларын мойындамайды – СІМ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменовтің Euractiv басылымына берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.

Осыдан үш күн бұрын Т.Сүйлейменов Euractiv басылымына «Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді және Қырым мен Донбасс аумақтары мәселелері бойынша БҰҰ-ның шешімдерін ұстануға ниетті» деп пікір білдірген еді.

«Әрине, Ресей біздің оның жағында болғанымызды қалайды. Бірақ Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді. Біз Қырымдағы жағдайды да, Донбасстағы жағдайды да мойындамадық және мойындамаймыз, өйткені БҰҰ оларды мойындамайды. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде қабылданған шешімдерді ғана орындаймыз.

Екіншіден, Екіншіден, біздің еуропалық әріптестерімізге Қазақстан АҚШ пен ЕО-ның Ресейге салып жатқан санкцияларды айналып өту құралы болмайтынын ескерткіміз келеді. Біз санкцияларды қабыл аламыз. Біз Ресей, Беларусьпен бірге Еуразиялық Экономикалық одақтың мүшесі болсақ та, біз халықаралық қауымдастықтың мүшесіміз. Біздің келесі қалауымыз АҚШ пен ЕО тарапынан салынатын қайталама санкциялардың Қазақстанға қолданылатынын әлде қолданылмайтынын анықтау. Үшіншіден, Еуро Одақпен қарым-қатынасымызды ары қарай кеңейту мәселесін талқылау», - деді ол.

Әріптесінің осы түсініктемесіне қатысты СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді қосымша пікір білдірді.

«Біріншіден, ол (Т.Сүлейменов – ред.) – елдің ресми өкілі. Шетел басылымына сұхбат берді дегеніңіз болмаса, айтқандарының бәрі дұрыс. Біз Луганск халық республикасы мен Донбасс халық республикасын тәуелсіз елдер деп мойындамаймыз. Өйткені оны БҰҰ мойындаған жоқ. Екіншіден, АҚШ пен Еуропа елдері салған санкцияның бәрі Ресейге бағытталған. Біз бұл санкцияларға қосылмаймыз. Өйткені біріншіден, біздің экономикамызға оның зияны тиіп кетпеуі керек. Екіншіден, Қазақстан аумағы Ресейдің санкцияны айналып өтуіне өткел болмауы тиіс», - деп түсіндірді министр.