Bugin

Батыс елдері Украинаға қуатты қаруларды беруге дайындалып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс елдері Украинаға соғыс аяқталғанға дейін әскери көмек бермек. Әрі әскери көмектің көлеміне де ұлғайтпақ. Осылай дейді Литваның Қорғаныс министрі Арвидас Анушаускас.

Оның айтуынша, батыс елдері қазір Украинаға ауыр техника мен артиллериялық қаруларды беруге дайындалып жатыр.

"Мынау жақсы жаңалық, әрине. Украина әскеріне әжептеуір күш берері анық", - деп ойын айтты Анушаускас.

Литваның қорғаныс министрі бірақ нақты қай қаруларды беруге дайындалып жатқанын нақтылаған жоқ.