Әлем
«Время» бағдарламасының тікелей эфирінде соғысқа қарсы акция өткізген Марина Овсянникова немістің Die Welt басылымына жұмысқа орналасты. Бұдан кейін ол газетке колонка жазып, Ресей мен Украина туралы жаңалық дайындайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Die Welt Овсянникованың алғашқы колонкасын жариялады. Онда журналистің соғысқа қарсы акциясы үшін қудаланғаны, автокөлігінің доңғалағын тесіп, фитнес-клубтағы картасын бұғатттап тастағаны туралы сөз қозғалады.
Марина Овсянникованың Ресейден кеткен, кетпегені әзірге белгісіз. Бұған дейін ол қанша қауіпті болса да Ресейде қалатынын айтқан еді.
Айта кетейік, 14 наурызда «Время» бағдарламасының тікелей эфиріне редактор Марина Овсянникова «Соғысты тоқтатыңдар. Пропагандаға сенбеңдер. Бұл жерде өтірік айтады» деген жазуы бар плакат ұстап шыққан болатын.