Bugin

Ресейлік әскери техникалар Украинаның шығысына қарай жылжуда (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгород облысындағы Ресей әскерлері Украинаның шығысына қарай ілгерілеуді жалғастыруда. Бұған Twitter желісінде жарияланған Maxar Technologies компаниясының суреттері дәлел бола алады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Суреттен Ресейдің батысындағы Солоти және Валуйки елді мекендеріне апаратын 14к-34 тас жолы мен дәліздің бойында орналасқан жауынгерлік қондырғыларды байқауға болады. 

Жарияланған суреттер 2022 жылдың 11 сәуірінде түсірілгені атап өтілді.