Bugin
Жыл сайынғы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Жеңіс күніне арналған әскери парад биыл өтпейді. Мұны Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ», - делінген хабарламада.
Дегенмен ведомство мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу көздеп отырған көрінеді. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі жиындар да бар.
«Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шара жоспарланған», - деп атап өткен ведомство.