Bugin
Ресей президенті Владимир Путинді өз төңірегіндегілер құртады. Бұл болжамды Дмитрий Гордонмен сұхбатында ресейлік шахматшы, оппозициялық саясаткер Гарри Каспаров айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Оның өз үйінде өлмейтіні анық. Менің ойымша, оның тағдыры алдын-ала болжанған. Оны айналасындағылар құртатынына сенімдімін. Өйткені Путин үшін шексіз биліктен тыс өмір жоқ», - деді Каспаров.
Оның айтуынша, ресейлік диктатордың күші қазір оның «жеңілмейтіндігі мен жазасыздығының аурасына» негізделген. Шахматшының пікірінше Украинадағы соғыс бұл «аураға» нүкте қоюы тиіс.
- «Содан кейін, тарих қайтадан жаңа ештеңе ойлап таппайды. Бұл шын мәнінде мемлекеттіліктің күйреуі. Бұл қалай болатынын білмеймін. Бірақ Украинаның Путинді алдымен саяси, содан кейін физикалық түрде жерлейтіні анық», - деп түйіндеді ол.