Bugin
Ресей генералдары Владимир Путинге Украинаға қарсы соғыс туралы жаман жаңалықтар айтуға қорқады. Оған болашақта «үлкен жеңістер» күтіп тұрғаны туралы мәліметтер ғана жеткізіледі. Бұл туралы Украина Президенті Кеңсесі Басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Фейгин Live эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
– «Путин сәтсіздіктер туралы есеп беруге қатаң тыйым салды. Оған тек жетістіктер туралы ғана баяндалады. Бұл билікке есеп берудің ең нашар түрі», – деді ол.
Оның айтуынша, Ресейдің әскери-саяси басшылығы Путинге «болашақта бізді жеңіс күтіп тұр» деген сөзді айтуға мәжбүр.
– «Бұл апат, бұлай жоспарлауға болмайды. Шамасы, бункерге жаман жаңалықпен келуге болмайды деген ереже бар сияқты» - деді Арестович.