Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясынан шығу жөнінде шешім қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Мен бұған дейін партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатынымды айттым. Осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді президент.
Мемлекет басшысы AMANAT партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды.