Bugin
Қазақстанның бейтарап позиция ұстанып, Ресейді қолдаудан бас тартуы – украин халқы үшін өте құнды мәлімдеме. Осылай дейді Украина Журналистер ұлттық одағының төрағасы Сергей Томиленко.
«Сіздерде (қазақстан билігінің – ред.) нақты бейтарап позиция. Қазақстанның Ресейді қолдамағаны қатты қуантты. Өйткені Қазақстанда көп укриан тұрады. Украинаның Қазақстанға көмектескен кездері көп. Тың жылдары ауыл шаруашылығын көтеруге қолғабыс қылды. Сондықтан Қазақстанның Украинаны қолдап шыққанына қуаныштымыз. Қазақстан халқының да украиндарды қолдап отырғаны жағымды әсер берді. Қазақстан бейтарап ниетте. Лукашенко сынды (Беларусь президенті – ред.) агрессияға себепкер болып отырған жоқ», - деп түсіндірді Томиленко «Kassenov Stream на КазТАГ» жобасының эфирінде.
Айта кетейік, Қазақстан осыған дейін Ресей-Украина арасында дау-дамайға «таза» бейтарап позиция танытатынын әрі жанжалды бейбіт жолмен шешуге атсалысатынын мәлімдеген. Сондай-ақ Украинаның территориясында жатқан, Ресей тәуелсіз елдер деп мойындаған Донбасс пен Луганскі Халық Республикаларын, сондай-ақ Қырымды да мойындамайтынын мәлім етті.