Bugin
Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Жонсон Украина президенті В.Зеленскийге «Ресей диктаторы В.Путинмен әзірше келісімге келмей тұра тұр» деп кеңес берді. Бұл жайлы украина басылымы жазды.
Бұл сөзді Борис Жонсон Украинаға келіп, Зеленскиймен кездескен кезде айтқан.
«Жонсон екі нәрсе айтты. Біріншіден, «Путин әскери қылмыскер, онымен келісімге келуге болмайды» деді. Оны барынша әлсірету керек дегенді айтты. Екіншіден, «Ұлыбритания Ресеймен мүлде келісімге келгісі келмейді. Украина, сендер Ресеймен келісімге келулерің мүмкін. Біз – жоқ. Себебі Ресеймен қандай келісімге келсең де, лақтырып кетеді» деп кеңес айтты», - дейді украина басылымына пікір білдірген Зеленскийдің жанында жүрген шенеуніктердің бірі.
8 сәуір күні Жонсонның өзі ресей президенті Владимир Путинге сенбейтінін ресми түрде айтқан еді.
Путиннің Украинаға соғыс ашуының бір себебі – Зеленскийдің өзі